×

Оқушылардың ыстық тамағы: Шымкент қаласындағы мектептердің біріндегі көзбояушылық әшкере болды

Ыстық тамаққа байланысты жалған есеп берген мектептер анықталды

Оқушылардың ыстық тамағы: Шымкент қаласындағы мектептердің біріндегі көзбояушылық әшкере болды
Фото: Бейнеден кадр

Шымкент әкімдігі 11 наурызда баспасөз мәслихатын өткізді. Жиын барысында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мектептегі камераға түсіп қалған жайттарды көрсетті. Қаладағы мектептердің бірінде балаларды ыстық тамақ ішті деп есептеу үшін карталарды өздері басып жатқан қызметкерлердің әрекеті камераға түсіп қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жиында көрсетілген бейнежазбада балалардың ыстық тамақ ішкені жайлы есеп беру үшін карталарды терминалға тіркеп жатқан қызметкерлерді көруге болады.

«Біз Шымкент қаласының мектептерінің бәрін цифрландыруды қолға алдық. Соның 147 мектебінде құрылымдық кабельдік жүйені түгелімен қалпына келтірдік. Сол 147 мектептің 98-інде біз видеокамерадан басқа, құрылымдық кабельден басқа аппараттық бағдарламалық кешен қойдық. Ол 98 мектептегі аппараттық бағдарламалық кешен  биометриялық терминал арқылы жұмыс істейді. Яғни алақан арқылы», — деді Сәрсен Құранбек.

Ол 56 мектепке бізге қоюға мүмкіндік болмағанын да айтты. 

«Себебі бұл 56 мектепте бізде сонау 2021 жылы жасалынған мемлекеттік жекешелік әріптестік бойынша кәсіпкерлер ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Олардың келісімшартында осы аппараттық бағдарламалық кешенді қою туралы талап көрсетілген. Сол кісілердің есебінен қойылуы керек. Келісімшартта «кәсіпкердің есебінен аппараттық бағдарламалық кешен  қойылуы керек» десе, біз оны қоя аламыз ба? Бюджеттің ақшасын алып, біз оны қоя алмаймыз. Сол себепті біз мұны кәсіпкерлердің мойнына жүктедік. Кәсіпкерлер ең арзан, ең төменгі деңгейдегі осы пластикалық карталарды пайдаланатын терминалдарды қойды. Пластикалық карталарды пайдаланатын терминалдарға бір адамға бір емес, бірнеше карта шығаруға болады. Ең басты кемшілігі — оны кез келген адам пайдалана берсе болады», — деді Сәрсен Құранбек.

Осы әрекеттерге тосқауыл қойған ол сол іске барған адамдарға жаман көрінетінін де жасырмады.

«Алақанға барған кезде тек баланың өзі келуі керек. Ол мектепке келген болса, өтіп тамағын ішеді. Бала келіп жатыр ма? Тамақ ішіп жатыр ма? Мүмкін ол ораза шығар. Мүмкін оның тамаққа зауқы жоқ шығар. Соның барлығын кәсіпкерлер алған. Кәсіпкерлер өздері өткізіп жатыр. Осының бәріне тоқтау салған Шымкент қаласының әкімдігі. Осыны судың бетіне шығарып көрсетіп жатқан тұлғалардың арасында Сәрсен Құранбек те бар. Осы айтып, арам алып жатқан тамағына тосқауыл қойған Сәрсен Құранбек жаман болмағанда басқа кім жаман болады оларға? Әйтпесе біз дұрыс дүние айттық. Камераның қойылуын көбі жақтайды», — деді Сәрсен Құранбек.

Еске сала кетсек, бұған дейін мектеп оқушысын ұрған вахтердің үстінен мектеп директорының арыз жазғаны жайлы хабарлаған едік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атырауда 8 наурыз күні 19 жастағы қызды пышақпен азаптаған жігіт ұсталды
Бүгін, 18:17

Атырауда 8 наурыз күні 19 жастағы қызды пышақпен азаптаған жігіт ұсталды

21 жастағы жігіт сағат 6:00-ден 11:00-ге дейін бойжеткенді ұрып, пышақпен жарақаттап, қорлаған
Шетелдіктер асырап алған қазақстандық өзінің туған ата-анасын тапқысы келеді
Атыраудағы «ғайып болған» отбасының күйеу баласы қылмысын мойындады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →