×

Атыраудағы қанды қылмыс: Өлтірілген ағалы-қарындастың денесінен өткір заттың іздері табылды

Атыраудағы қанды қылмыс: Өлтірілген ағалы-қарындастың денесінен өткір заттың іздері табылды

Атырау қаласының «Геолог» ықшамауданындағы үйлердің бірінің жанынан табылған Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның мәйіттерін тексеру барысында денелерінде өткір заттан салынған жарақаттар анықталды. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта марқұмдардың нақты неден және қашан көз жұмғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.

«Денелерде өткір затпен салынған жарақаттар бар. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша өлімнің нақты себебі мен уақыты белгілі болады», — деді Құттыбай Садықов.

Еске сала кетейік, бұған дейін аталған отбасының әкесі мен анасының да мәйіттері үй ауласынан табылған болатын. Қылмыс жасады деген күдікпен марқұмдардың бұрынғы күйеу баласы Индонезияда ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Тергеу амалдары жалғасуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Оқушылардың ыстық тамағы: Шымкент қаласындағы мектептердің біріндегі көзбояушылық әшкере болды
Кеше, 21:30

Оқушылардың ыстық тамағы: Шымкент қаласындағы мектептердің біріндегі көзбояушылық әшкере болды

Ыстық тамаққа байланысты жалған есеп берген мектептер анықталды
21 жастағы жігіт сағат 6:00-ден 11:00-ге дейін бойжеткенді ұрып, пышақпен жарақаттап, қорлаған
Шетелдіктер асырап алған қазақстандық өзінің туған ата-анасын тапқысы келеді
Атыраудағы «ғайып болған» отбасының күйеу баласы қылмысын мойындады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →