×

«Өзімді жазғырып болдым»: «Азелит» ішіп мүгедек болып қалған баланың анасы жағдайын айтты

Сегіз баланың анасы орны толмас өкінішке ұшыратқан жағдай жайлы айтты

«Өзімді жазғырып болдым»: «Азелит» ішіп мүгедек болып қалған баланың анасы жағдайын айтты
Фото: Бейнеден кадр

Павлодар қаласының тұрғыны, сегіз баланың анасы әлеуметтік желіде жариялаған видеосында отбасында болған ауыр жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әйелдің айтуынша, бір жарым жастағы ұлы байқамай ыдыс-аяқ тазалауға арналған «Азелит» сұйықтығын ішіп қойған. Соның салдарынан баланың өңеші қатты күйіп, қазір ол күрделі ем қабылдап жатыр.

«Мен баламның мүгедектігіне себепкер болған анамын. Менің кесірімнен балам мүгедек болып қалды. Көз алдымда бір жарым жастағы балам «Азелит» ішіп қойды. Біздегі жағдай — өңештің күйігі. Бізде қазір гастростома бар. Ай сайын Астанаға барамыз. Мен өзімді жазғырып болған адаммын. Сіздер жазғырсаңыздар да ешқандай да ренжімеймін. Ешкімнің басына бермесін», — деді Айсәуле Аманкелді есімді желі қолданушысы. 

Айта кетейік, 12 наурызда Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде мерзімді әскери қызметші оқ жарақатынан қаза тапты.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →