Ер адамның мәйіті Ақтөбедегі №38 мектеп маңындағы қоқыс алаңынан табылған
Ақтөбе қаласында қоқыс алаңынан үлкен сөмкеге салынған ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бірнеше күн бойы жатқан сөмкеден күлімсі иіс шығып, қолқаны қабатын сасық иіс сол маңда мүңкіп тұрған.
Полиция мәйіттің табылғанын растады. Ресми мәліметке сәйкес, қоқыс алаңынан 55 жастағы ер адамның денесі табылған.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
Еске сала кетсек, Павлодарда сегіз баланың анасы орны толмас өкінішке ұшыратқан жағдай жайлы әлеуметтік желіде айтқан болатын. Оның айтуынша, бір жарым жастағы баласы «Азелит» ішіп мүгедек болып қалған.