×

Атырауда 62 жастағы ер адам әйелін пышақтап өлтірді

Қылмыстық іске қатысты полиция тергеп-тексеру амалдарын бастады

Атырауда 62 жастағы ер адам әйелін пышақтап өлтірді
Фото: Pexels

16 наурыз күні Атырауда отбасындағы жанжал кезінде күйеуі өзінің 58 жастағы жұбайын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

62 жастағы күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Атырау облыстық полиция басқармасы «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық істің тіркеліп, тергеп-тексеру амалдарының басталғанын хабарлады. 

Тұрғындардың сөзінше, күйеуінің қолынан қаза тапқан әйел мұғалім болған. 63 жастағы ер адам мас күйінде осындай қылмысқа барған. 

«Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Еске сала кетсек, Ақтөбе қаласында қоқыс алаңынан үлкен сөмкеге салынған ер адамның мәйіті табылған еді. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →