×

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Полиция департаментінің басшысы кінәлі адамдар жазасын алатынын мәлімдеді

Александр Пактың қанының құрамында ішімдік пен есірткі заттарының бар-жоғы тексеріліп жатыр

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Полиция департаментінің басшысы кінәлі адамдар жазасын алатынын мәлімдеді
Фото: Qaz365.kz

Алматы қаласының Әл-Фараби даңғылында 21 наурыз күні Zeekr автокөлігі бар жылдамдықпен қарсы бағытқа шығып, Mercedes көлігіне соғылды. Жол апатынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Полиция бұл оқиғаны ҚР ҚК-ның 345-бабының 4-бөлімі бойынша тергеп жатыр. Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Айдын Қабдұлдинов тілшілердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қабдұлдинов Айдын Тоқтарұлы әл-Фараби даңғылында тіркелген көлік апатына қатысы бар тұлғалар жазаланатынын айтты. 

«Қазір қылмыстық іс бойынша, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Zeekr автокөлігінің жүргізушісі қазір ауруханада ем алып жатыр. Сол жүргізушіге қатысты барлық тергеу амалдары жүргізіліп. Ол қамауға алынады. ПД орынбасарының жүргізушісі сол Әл-Фараби бойындағы ЖКО бар-жоқтығын департамент полициямен тексеріс өткізілуде. Қызметтік тексерістің қорытындысы бойынша, кінәлі полиция қызметкерлеріне шара қолданамыз», – дейді Алматы полиция департаментінің басшысы.

Журналистер жол апатына себепкер болған Александр Пактың сол кезде ішімдік немесе есірткі шегіп, масаң күйде болған-болмағанын білгісі келді. Ведомство басшысының айтуынша, қан сынамасы ауруханаға жеткізілгеннен кейін дереу алынған. Алайда сарапшылардың соңғы нәтижесі әлі шықпаған.

«Жүргізуші ауруханаға түскен кезде қан сынамалары алынды, бірақ нәтижелер әлі жоқ. Нәтижелер шыққан соң хабарлаймыз», – деді департамент басшысы.

Баспасөз мәслихаты кезінде полиция қызметкерлерінің рөлі де ерекше айтылды. Ведомство ішкі тексерістің жүргізіліп жатқанынын жоққа шығармады және егер офицерлердің кінәсі расталса, жария етіліп, қатаң жауапкершілікке тартылатынын айтты.

«Полиция қызметкерлері бойынша департамент тарапынан қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Қызметкерлердің әрекеттеріне нақты құқықтық баға беріледі, егер кінәлі болса, ең қатаң шаралар қабылданады», – деді Қабдұлдинов.

Тергеу барысын департамент басшылығы жіті бақылап отыр. Оқиғаның әрі қарайғы деректері сараптама нәтижелері шыққанда және күдікті тәуір болғанда жарияланатын болады.

Еске сала кетсек, депутат Марат Қожаев полицияның ештеңеге көз жұмбайтынын айтып, осы жағдайға байланысты жол ережесін бұзатындарға жазаны қатаңдатуды ұсынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →