×

Қарағандыда 38 жастағы анасы мен кәмелетке толмаған қызының мәйіті табылды

Полиция күдіктіні ұстау үшін жедел шаралар жүргізіп жатыр

Қарағандыда 38 жастағы анасы мен кәмелетке толмаған қызының мәйіті табылды
Коллаж: ЖИ арқылы жасалды

Қарағандыда 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының мәйіті табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олардың денесі 26 наурыз күні Крылов көшесіндегі үйлердің бірінен табылған. Алғашқы мәліметтерге қарағанда, екеуі де зорлықпен өлтірілген. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдіктінің кім екені белгілі болған және оны ұстау шаралары жасалып жатыр.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар атқаруда», — деп мәлімдеді өңірлік полиция департаменті.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті марқұм әйелмен бірге тұрған ер адам. Қазіргі уақытта ол іздеуде. 

Айта кетейік, елді дүрліктірген Алматыдағы 3 адамның өмірін жалмаған жол апатынан соң полицейлер істі болды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →