×

Қарағандыда 38 жастағы әйел мен оның қызын өлтірген ер адам өзіне қол салды

Қарағандыда 38 жастағы әйел мен оның қызын өлтірген ер адам өзіне қол салды
Коллаж: ЖИ арқылы жасалды

26 наурызда Қарағандыда 38 жастағы анасы мен кәмелетке толмаған қызының мәйіті табылған еді. Бүгін, 28 наурыз күні осы істе күдікті деп танылған ер адамның өзіне қол салғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қарағандыда 38 жастағы әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікке ілінген 39 жастағы ер адамның мәйіті Ақтоғай ауданынан табылды. Полиция департаментінің мәліметіне қарасақ, ол тіркелген мылтықпен өзіне оқ атып, көз жұмған.

«Қарағанды облысының криминалды полиция қызметкерлері Ақтоғай ауданы аумағында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды қаласында әйел мен оның қызын өлтірді деп күдікке ілінген 39 жастағы ер адамның денесін тапты», – деп хабарлады облыстық полиция басқармасы.

Еске сала кетсек, бұған дейін біз 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының мәйіті табылғаны жайлы хабарлаған едік. Марқұмдардың денесінде күш көрсеткен зорлық-зомбылықтың белгілері анықталған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →