Оқиға салдарынан 6 адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді
Алматы – Боралдай – Шамалған станциясы маңындағы теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Qaz365.kz Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған маршруттық автобустың жүргізушісін жауапкершілікке тартты.
“Алдын ала мәліметтер бойынша, көмір станциясынан шыққан пойыз өткел арқылы қозғалып келе жатқан. Маршруттық автобустың жүргізушісі жол бермей, соқтығысуға жол берген. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тексеру жүргізілуде”, – делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында..
Оқиға салдарынан 6 адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
.