×

Жетісу облысында жер сілкінісі сезілді

Жетісу облысында жер сілкінісі сезілді
Motion Loop

Жетісу облысының екі қаласы мен бір ауылында тұрғындар екі балдық жер сілкінісін сезінді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті. Сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпулерін бүгін, 31 наурыз күні сағат 11:11-де тіркеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Магнитудасы 5,4-ті құраған зілзала 10 шақырым тереңдікте болған. Есептелген қарқындылық бойынша Жаркент пен Текелі қалаларында, сондай-ақ Жансүгіров ауылында дүмпулер 2 балл деңгейінде сезілді.

Қазіргі уақытта оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →