×

Әл-Фарабидегі апат: Күдікті тарап қаза тапқан жүргізушінің жақындарымен татуласуға әрекеттенген

Әл-Фарабидегі апат: Күдікті тарап қаза тапқан жүргізушінің жақындарымен татуласуға әрекеттенген
видеодан кадр

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында орын алған қайғылы жол апаты бойынша жәбірленуші тараптың адвокаты күдіктінің банк картасындағы транзакцияларды тексеруді талап етпек. Mercedes жүргізушісінің мүддесін қорғайтын заңгер Олег Чернов оқиға орын алған күні Zeekr жүргізушісінің мейрамханада ішімдік сатып алған-алмағанын анықтауды көздеп отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 31 арнаға сілтеме жасап.

Адвокаттың айтуынша, күдікті болған «У Афанасича» мейрамханасында бейнебақылау камералары жұмыс істемейтіні немесе жазба сақталмағаны белгілі болған. Сондықтан заңгер банк құжаттарын, мейрамхана чектерін және күдіктінің сол күнгі қоңыраулар тарихын тексеруді сұрамақ. Сондай-ақ Олег Чернов айыпталушы тараптың қаза тапқан 29 жастағы Еламанның туыстарымен татуласуға әрекеттенгенін, бірақ марқұмның отбасы бұл ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартқанын жеткізді. Қаза болған азаматтың артында алты жасар баласы қалды.

Қазіргі уақытта күдікті ауруханада жатыр, алайда адвокаттың мәліметінше, ол жақын арада тергеу изоляторына ауыстырылады.

Еске сала кетейік, 21 наурызда Zeekr кроссовері қарсы бетке шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан болатын. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ішкі істер министрлігі Zeekr жүргізушісінің жеңіл дәрежедегі мас күйінде болғанын растаған еді.

Бұл оқиға ішкі істер органдарындағы кадрлық өзгерістерге де себеп болды. ІІМ басшысы Алматы қалалық ПД бастығының орынбасарын және бірқатар басқарма басшысын қызметінен босатты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →