×

Әкесін сүйреп жүріп, таяқ астына алған Алмас Садақбаев ісіне қатысты апелляциялық сотта судьялар үкімді өзгертті

41 жастағы ер адам бұған дейін 5 жылға сотталған еді

Әкесін сүйреп жүріп, таяқ астына алған Алмас Садақбаев ісіне қатысты апелляциялық сотта судьялар үкімді өзгертті
Видеодан кадр

Жетісай аудандық сотында бүгін ел-жұрттың жағасын ұстатқан оқиғаға қатысты апелляциялық сот өтті. Өз әкесін сүйреп жүріп азаптаған шардаралық асаба Алмас Садақбаев ісіне қатысты екінші сатылы сотта судьялар үкімді өзгертті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

41 жастағы ер адам бұған дейін 5 жылға сотталған еді. Сот алқасы бұл жазаны жеңіл деп, мерзімді 7 жылға ұзартты. Олар Садақбаев қылмысын ауыр деп бағалап, әрі әкесін жиі қинағанын ескерген. Сондықтан тағы екі жыл қосқан.

Еске салайық, қыркүйек айында әлеуметтік желіде жантүршігерлік видео таралған еді. Онда атпалдай азаматтың жүруге қауқарсыз қарияны азаптап жатқаны түскен. Қорғансыз ақсақалды таяқ астына алған өзге емес өз ұлы екен. Осыдан кейін 70 жастағы ақсақал көп ұзамай қайтыс болды. Видео да оның өлімінен соң таралып, қатігез ұлы қамауға алынған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →