×

«Көмектеспеймін»: Мұрат Әбенов Әділет Молдаханның ұсталуына заңды негіз бар екенін айтты

Бұған дейін Мұрат Әбенов белгілі заңгер Әділет Молдаханның ұсталуына байланысты «назарымда болады» деп мәлімдеме жасаған еді

«Көмектеспеймін»: Мұрат Әбенов Әділет Молдаханның ұсталуына заңды негіз бар екенін айтты
Фото: facebook.com/QazaqstanHalqyna

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Әділет Молдаханның ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұған дейін «Бұл іс менің назарымда» деген депутат бүгін оның ұсталуында заңды негіз бар екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутат Мұрат Әбенов жақында ұсталған заңгер Әділет Молдаханға көмектесе алмайтынын мәлімдеді. 

«Көмектеспеймін. Көмектесе алмаймын. Араласуға құқығым жоқ. Қоғам маған жазып жатқаннан кейін қаншалықты заңды негізде ұсталғанын сұрадым. Менде бар ақпарат бойынша заңды негіз бар. Мен білемін, бірақ оны хабарлауға құқығым жоқ. Ол заңсыз ұсталды дегендей менде ешқандай ақпарат жоқ. Заңды негізі бар», — деді депутат Әбенов.

Еске сала кетсек, Алматыда танымал заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 30 наурыз күні ұсталды. Полиция мәліметінше, оған қатысты «көрінеу жалған ақпарат тарату» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның ұсталуына әлеуметтік желілерде Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты жариялаған жазбалары себеп болуы мүмкін. Полиция әзірге нақты қандай ақпараттың «жалған» деп танылғанын мәлімдемеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →