×

Ресейдегі қақтығыс: 4 мың қазақстандық жұмысшының жағдайы белгілі болды

Ресейдегі қақтығыс: 4 мың қазақстандық жұмысшының жағдайы белгілі болды
видеодан кадр

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресейдегі өндірістік нысандардың бірінде болған жаппай жанжалға қатысты жағдайды бақылауға алғанын мәлімдеді. Бұл туралы СІМ бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрлік мәліметінше, жанжал болған нысанда қазіргі уақытта 4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Соған қарамастан, оқиға ауыр салдарға әкелмеген.

Ресми ақпарат бойынша, жанжалдың саяси немесе ұлтаралық себептері жоқ, ол тұрмыстық жанжал болған және қазір жағдай толық тұрақталған.

«Оларға қазір ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл таза тұрмыстық жанжал. Кінәлі адамдар анықталып жатыр, жұмыс жалғасып жатыр», – деді Ержан Ашықбаев.

СІМ дерегінше, қазақстандық жұмысшылар арасында ауыр жарақат алған немесе медициналық көмек қажет ететін адамдар жоқ. Қазіргі уақытта өндіріс орны қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, қазақстандық жұмысшылар жұмысты тоқтатпаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →