×

Орал қаласында қару сатқан күдікті ұсталды

Шағын калибрлі мылтықтан жасалған кесілген қарудың атуға жарамды екені белгілі болды

Орал қаласында қару сатқан күдікті ұсталды
Видеодан кадр

Орал қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз қару сату дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған 25 жастағы азамат ұсталды. Ол қаруды сату кезінде қолға түсті. Анықталғандай, күдікті пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығын шектеу жазасын өтеп жүрген.

Тәркілеу кезінде қарудың 5,6 мм калибрлі «ТОЗ-16» маркалы шағын калибрлі мылтықтан жасалған кесілген түрі екені және атуға жарамды екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция заңсыз қаруды сақтау, сату немесе сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Зертханадағы сынақ жасайтын қоян емес»: Әділетхан Молдаханның жақындары президентке үндеу жасап, араша сұрады
Бүгін, 17:15

«Зертханадағы сынақ жасайтын қоян емес»: Әділетхан Молдаханның жақындары президентке үндеу жасап, араша сұрады

«Көрінеу жалған ақпарат тарату» айыбы бойынша ұсталған танымал заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханның ісін қоғам қызу талқылап жатыр
Бұған дейін Мұрат Әбенов белгілі заңгер Әділет Молдаханның ұсталуына байланысты «назарымда болады» деп мәлімдеме жасаған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →