×

«Әйелімді шәкіртіме бердім»: Бас мүфти кеңесшісі даулы сұхбаттан кейін түсініктеме берді

«Әйелімді шәкіртіме бердім»: Бас мүфти кеңесшісі даулы сұхбаттан кейін түсініктеме берді
видеодан кадр

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен Құрбанәлі Ахметтің журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатына қатысты пікір білдірді. Бас мүфтидің кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы аталған азаматтың діни басқармада қызмет етпейтінін және онымен ешқандай байланысы жоқ екенін қадап айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Смайыл Сүйерқұлұлы ажырасу мәселесіне қатысты шариғи түсініктеме бере отырып, жұбайын әдейі ажыратып, басқа біреуге тұрмысқа шығуға үгіттеу шариғатта құпталмайтын іс екенін атап өтті.

«Исламда ажырасу – Алланың құзырындағы ең сүйкімсіз іс. Ал жұбайына «сен пәленшеге тұрмысқа шық» деп айту — өрескелдік. Кемшілік дінде емес, пендеде», — деді кеңесші.

Даудың басы Құрбанәлі Ахметтің сұхбат кезінде айтқан сөздерінен басталған болатын. Ол бірінші әйелінің рұқсатынсыз екінші әйел алғанын және кейіннен сол жарымен ажырасып, оны өз шәкіртіне тұрмысқа бергенін айтып, көпшіліктің наразылығын тудырды. Оның бұл әрекеті қоғамда «әйел құқығын таптау» ретінде бағаланды.

Оқиғадан соң Алматы қаласы Дін істері басқармасы шұғыл шара қолданып, Құрбанәлі Ахметті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы бойынша діни қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Шағын калибрлі мылтықтан жасалған кесілген қарудың атуға жарамды екені белгілі болды
«Көрінеу жалған ақпарат тарату» айыбы бойынша ұсталған танымал заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханның ісін қоғам қызу талқылап жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →