×

Алматы облысында «Кеген – Нарынқол» тас жолын еріген қар суы шайып кетті

Алматы облысында «Кеген – Нарынқол» тас жолын еріген қар суы шайып кетті
ҚазАвтоЖол

Алматы облысындағы республикалық маңызы бар «Кеген – Нарынқол» автожолының 20-шақырымында еріген қар суының күрт көбеюі салдарынан жол төсемі бүлініп, қозғалыс уақытша тоқтатылды. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, тасқын судың қысымы 1960–1970 жылдары салынған су өткізгіш құбырды бұзып, жолды бүкіл ені бойынша шайып кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мамандардың мәліметінше, опырылған аймақтың ені 12 метрді, тереңдігі 10 метрді құрайды. Шамамен 150 шаршы метр асфальт жамылғысы жарамсыз болып қалған. Айта кетерлігі, бұл учаске соңғы жарты ғасыр ішінде ешқашан «су басу қаупі бар аймақтар» тізіміне кірмеген және мұндай жойқын су көлемі бұрын-соңды тіркелмеген. Қазіргі уақытта еріген су жол жиегімен ағып, Қабанды және Кеген өзендеріне құйылуда.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Кеген және Райымбек аудандарының әкімдері, ТЖМ, полиция және «ҚазСелденҚорғау» мамандары жұмыс істеп жатыр. Жол қызметінің қырағылығы арқасында қауіп дер кезінде анықталып, көлік қозғалысы жедел тоқтатылды. Зардап шеккендер мен жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ.

«ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі жақын арада қиыршық тас төселген уақытша айналма жол салынатынын мәлімдеді. Су өткізгіш құбырды ауыстыру мен жер төсемін нығайту жұмыстары су ағысы басылған бойда басталады. Учаске қазіргі уақытта орташа жөндеу жүргізіп жатқан мердігер ұйымның жауапкершілігінде, сондықтан алдағы жоба аясында жолдың табиғи апаттарға төзімділігін арттыру шаралары қарастырылмақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Шағын калибрлі мылтықтан жасалған кесілген қарудың атуға жарамды екені белгілі болды
«Көрінеу жалған ақпарат тарату» айыбы бойынша ұсталған танымал заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханның ісін қоғам қызу талқылап жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →