×

Түркістан облысында суға батып кеткен 2 жастағы баланың денесі табылды

7 шақырым төмен жерден табылды.

Түркістан облысында суға батып кеткен 2 жастағы баланың денесі табылды

Түркістан облысы Сайрам ауданы Машат ауылында бірнеше күн бұрын суға кеткен бүлдіршектің денесі табылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

4 сәуір күні Машат өзенінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар 2024 жылы туған баланың мәйітін тапқан. Алдын ала мәліметке сәйкес, сәби 31 наурыз күні абайсызда өзенге құлап кеткен.

Іздестіру жұмыстары бірнеше күн бойы жалғасқан. Нәтижесінде баланың денесі оқиға орнынан шамамен 7 шақырым төмен жерден табылды.

ТЖМ өкілдері бұл жағдайға байланысты:

«Іздестіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. Құтқарушылар барлық қажетті шараларды қабылдады», – деп мәлімдеді.

Айта кетейік, өңірде осыған ұқсас тағы бір оқиға тіркелген. Қазіргі уақытта Түркістан облысы Келес ауданында 2018 жылы туған баланы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, ол да ойнап жүріп өзенге құлап кеткен.

Мамандар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және су айдындарының маңында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →