×

Ақмола облысында ауыл маңында бөгет жарылды

Ақмола облысында ауыл маңында бөгет жарылды
ТЖМ

Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы Сабынды ауылынан 2 шақырым жерде «Шөптікөл» бөгеті жарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта оқиға орнында суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр және жағдай министрліктің тұрақты бақылауына алынған.

Апат салдарын жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі мен жол қызметтерінің күштері жұмылдырылды. Мамандар дамбаны нығайту, инертті материалдарды төгу және суды бұру жұмыстарын атқаруда. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, бөгеттен шыққан су егістік алқаптары арқылы елді мекенге қарай жайылып, «Астана – Қорғалжын» тас жолының 75-шақырымына дейін жеткен.

Дегенмен, республикалық маңызы бар жолды су басу қаупіне жол берілген жоқ. Көлік жолының бойындағы су өткізу құбыры штаттық режимде толық қуатында жұмыс істеп тұр. Жолдың зақымдалмағаны немесе шайылмағаны ресми түрде расталды.

Қазіргі сәтте «ҚазАвтоЖол» облыстық филиалының 14 бірлік техникасы мен 30-дан астам қызметкері жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →