×

Ыстанбұлда Қазақстан азаматын атып кетті

Күдікті ретінде Грузияның екі азаматы ұсталды

Ыстанбұлда Қазақстан азаматын атып кетті
Видеодан кадр

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ыстанбұлда Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 31 наурыз күні Ыстанбұл қаласының Фатих ауданында болған. Қазір Түркияның құзырлы органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Түркиялық БАҚ-тың жазуынша, қаза тапқан азамат – жекеменшік логистикалық компанияда жұмыс істеген Ариф Исмаилов. Белгісіз адам оған көшеде жақындап келіп, басынан атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Кей деректерде оның сол жерде көз жұмғаны айтылса, енді бірінде ауыр жағдайда ауруханада қайтыс болғаны хабарланады.

Күдікті ретінде Грузияның екі азаматы ұсталды. Олар елден қашпақ болған кезде Эдирне қаласы маңында қолға түскен. Іздестіру жұмыстарына дрон да қолданылған. Сонымен қатар, күдіктілердің қашуына көмектесуі мүмкін деген күдікпен көлік жүргізушісіне қатысты да жеке тергеу басталған.

Қазақстанның Ыстанбұлдағы бас консулдығы марқұмның туыстарына қажетті көмек көрсетіп жатыр. Іс Сыртқы істер министрлігінің бақылауында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →