×

Алматыда танымал әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жоғалып кеткен ұлы өлі табылды

Алматыда танымал әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жоғалып кеткен ұлы өлі табылды

Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, марқұм Гүлнар Сиқымбаеваның хабар-ошарсыз кеткен ұлы Баир өлі табылды. Бұл жөнінде журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналистің ақпаратына сәйкес, марқұмның денесі табылғанымен, оның неден қайтыс болғаны әлі белгісіз.

Баир 24 наурыз күні Алматы қаласының Коперник көшесіндегі үйінен шығып кетіп, содан қайтып оралмаған болатын. Туыстары мен жақындары оны бірнеше күн бойы іздестірген еді. Айта кетейік, Баир – эстрада жұлдызы Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Гүлнар Сиқымбаеваның өзі 2024 жылдың қазан айында өмірден өткен болатын. Ол Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, аты аңызға айналған «Гүлдер» ансамблінің солисі ретінде халыққа кеңінен танымал болды. Әнші қазақ, орыс, түрік және тәжік тілдеріндегі әндерді шебер орындап, отандық өнердің дамуына елеулі үлес қосқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«4 балаға 36 мың алимент төлейді»: Семейдегі баспанасыз қалған көпбалалы ана Берік Уәлиден көмек сұрайды
Бүгін, 11:22

«4 балаға 36 мың алимент төлейді»: Семейдегі баспанасыз қалған көпбалалы ана Берік Уәлиден көмек сұрайды

Көпбалалы ана бұрынғы күйеуінің айлығын азайтып көрсетіп, 36 400 теңге алимент төлейтінін айтты
Бұған дейін ол медициналық мекемеде болған
Күдікті ретінде Грузияның екі азаматы ұсталды
Оның бірі ағаш басындағы мысықты құтқармақ болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →