Адамдар қауіпсіз жерге көшірілуде
Ақтөбе қаласында әкімдік ғимараты өртеніп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz Төтенше жағдайлар министрігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Осы сәтте ТЖМ құтқарушылары Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырындағы өртті сөндіруде. Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел түрде келіп жетті. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, өртті толық жою бойынша барлық шаралар қабылдануда. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Адамдарды эвакуациялау жүргізілуде”, – делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жоғары шақырту рангы бойынша жұмыс істеуде..Алғашқы бөлімшелер келген кезде ашық жану анықталды. Өрттің аумағы нақтылануда.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.