×

Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрттен кейін ғимараттың жағдайы қандай: Асхат Шахаров мәлімдеме жасады

Өрттен негізінен ғимараттың шатыры зақымдалған

Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрттен кейін ғимараттың жағдайы қандай: Асхат Шахаров мәлімдеме жасады
ТЖМ

Ақтөбе облыстық әкімдігінің ғимаратында болған өрт толық сөндіріліп, жағдай бақылауға алынды. Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаров мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әкімнің айтуынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ және медициналық көмекке ешкім жүгінбеген. Қазіргі уақытта арнайы комиссия өрттің шығу себептерін анықтау үстінде.

Асхат Шахаровтың сөзіне сүйенсек, өрттен негізінен ғимараттың шатыры зақымдалған, ал алтыншы қабаттағы кабинеттерге келген залал айтарлықтай емес. Мамандардың көп бөлігі бүгін түстен кейін жұмыс орындарына оралады, оған дейін мемлекеттік қызметтер онлайн форматта үзіліссіз көрсетіледі. Айта кетейік, ғимаратқа соңғы рет 2022 жылы жөндеу жүргізіліп, жұмыс кабинеттері жаңартылған болатын.

Қазіргі таңда жедел штаб жұмысын жалғастырып, ғимараттың техникалық жағдайын бағалау үшін сарапшылар тартылды. Өртке қатысты іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Облыс басшысы қалпына келтіру жұмыстарының нақты жоспары әзірленіп жатқанын және бұл мәселе оның жеке бақылауында болатынын жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өртке қатысты түсінік берді
Кеше, 22:33

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өртке қатысты түсінік берді

Өртті сөндіруге 140-тан астам қызметкер және шамамен 40 бірлік техника жұмылдырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →