×

Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ

Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді
pixabay.com

Бүгін кеште Алматы облысының тұрғындары жерасты дүмпулерін сезінді, деп хабарлайды Qaz365.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“2026 жылғы 8 сәуірде Астана уақытымен сағат 22:55-те ҚР ТЖМ-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 117 шақырым солтүстік-батысқа қарай, Алматы облысы Іле ауданы аумағында орналасқан”, – делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Сезілу қарқындылығы: Алматы облысы, Күрті ауылы – 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →