×

Жетісу облысы Ақсу ауданында ер адам әйелді күрекпен ұрып-соқты

Әйелді күрекпен аяусыз соққыға жыққан күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жетісу облысы Ақсу ауданында ер адам әйелді күрекпен ұрып-соқты

Жетісу облысы Ақсу ауданына қарасты Суықсай ауылында ер адам әйелді күрекпен соққыға жықты. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға 3 наурыз күні күндіз жәбірленушінің өз үйінің ауласында болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

49 жастағы ер адам мас күйінде әйелдің кәмелетке толмаған балаларына тіл тигізген. Әйел ескерту жасаған сәтте, ол қолына күрек алып, әйелге бірнеше мәрте соққы жасаған, басынан да ұрған.

Күдіктіні тек балалардың айқайын естіген ауыл тұрғындары келіп тоқтатқан. Салдарынан балалардың анасы ауыр жарақат алды. Жәбірленуші әйел қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында.

Qaz365.kz ақпарaттық агенттігі осы жағдай бойынша Жетісу облысы Полиция департаментіне арнайы ресми сауал жолдады. 

«Полиция қызметкерлері денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру мүддесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп жауап берді Жетісу облысы ПД.

Еске сала кетсек, түрмеде отырған «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің жұбайы онымен ажырасқанын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →