×

«Жатырды жарып жіберген»: Түркістан облысының тұрғыны сәбиінің шетінеп кеткеніне дәрігерлерді кінәлап отыр

«Жатырды жарып жіберген»: Түркістан облысының тұрғыны сәбиінің шетінеп кеткеніне дәрігерлерді кінәлап отыр

Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғыны құрсағындағы шақалақтың шетінеп кеткеніне дәрігерлерді кінәлайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Арыс қаласында 38 жастағы келіншек алтыншы баласына айы-күні жетіп, перзентханаға өз аяғымен барған. Бірақ ол дәрігерлердің дәл толғағы тоқтаған кезде босану бөлмесінде жалғыз қалдырып кетті дейді.

Сәбиінен айырылған әйел кесар тілігін жасауын жалынып сұрағаныма да көңіл аудармай, ақыры іштегі бала жатырды жарып, жан тапсырды деп отыр. 

«Кесарь тілігін жасаңдаршы деп айтқанымда дәрігер маған толғағың тоқтаса қайтадан күтеміз деді. Сөйтіп тұрған кезде бала қабырға тұсымнан екі рет қатты тепсініп, қимылдады. Бала сол тұншығып іште ең соңғы қимылы болған да. Баланың басы төмен түссін деді да санитарка да, акушерка да, дәрігер де менің жалғыз өзімді тастап өздері сыртқа шығып кетті», – дейді Жазира Төлежанова

Іште жатқан бала анасын тепсінгенде жатырды жарып жіберген екен. Сөйтіп, қан кетіп, келіншектің сөзіне мән бермеген дәрігерлер ақыры кесарь тілігін жасаған дейді. Бірақ өмірге келуге қанша арпалысқанымен шарананың мойнына кіндігі байланып, өлі туылған. 5 жыл күткен сәбиден бір сәтте айырылдым деген ана дәрігерлер сол күйі жазаланбады деп ашынады.  

«Мені босандырған дәрігер. Сол кісінің салғырттығы. Білімсіздігі деп те айтамын. Дәрігер және акушерка өздеріне тиесілі жазасын алса деймін. Дәрігерді жұмыстан шығарыпты. Бірақ өз еркімен. Ол ертең кез-келген жерге барып, жұмысқа орналаса алады. Менен кейінгі басқа да келіншектер қорықпай барса екен деймін», – дейді Жазира Төлежанова

Ал перзентхананың өкілдері жүкті әйелге тиісті ем-дом көрсетілді деп өздеріне шаң жуытпады. 

«Балпақтай баланы жоғалту ол қиын нәрсе. Жазира қазір жала жауып, Жазира жаман әрекетке барып жатыр деп ойламаймын. Өзіміздің басымызға түскенде қалай әрекет жасайтынымызды. Бізде клиникалық протокол бар. Біз жатырында тыртық бар әйелдерді босандырамыз. Әйелдер босанып жатыр. Ол Баймахамбетов деген дәрігер де кеше келген, тәжірибесі жоқ дәрігер болса бір жөн. Ол білікті дәрігер», – дейді №2 облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Эльмира Қожахметова. 

38 жастағы Жазира Төлежанова полицияға да арыз жазған. Бірақ бес ай өтсе де тергеу әлі аяқталмапты. Әділдікке қол жеткізе алмай жүрген әйелдің жатырына зақым келген. Сондықтан ол медицина мамандарының салғырттығынан енді сәби сүюуім екіталай деп қынжылады.

Еске сала кетсек, Жетісу облысы Ақсу ауданына қарасты Суықсай ауылында әйелді күрекпен соққыға жыққан ер адам ұсталды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →