×

Елімізде екі күнде 75 жол апаты орын алды

Салдарынан 27 адам қаза тапты

Елімізде екі күнде 75 жол апаты орын алды
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда екі күнде 75 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жол көлік оқиғаларының көп бөлігі Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында орын алған.

“Құрметті азаматтар! Күннің жылуына байланысты жолдарда көлік саны күрт көбейді. Дәл осы кезеңде жүргізушілер жол ережесін сақтамайды. Бұл қайғылы оқиғаларға алып келеді. Елімізде екі күннің ішінде 75 жол-көлік оқиғасы орын алып, 27 адам қаза тапты. Апаттар көбінесе қала сыртындағы жолдарда түнгі уақытта болып отыр. Төрт ірі жол-көлік оқиғасы жеке тасымалдаумен айналысатын шетелде тіркелген автокөліктермен жасалған. Жамбыл облысындағы Алматы – Шымкент тас жолында орын алған ірі апаттың біріне қатысушы – Toyota Alphard жүргізушісімен жолға шықпас бұрын полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыс жүргізген. Бірақ жол ережесін елемеген жүргізуші мен оның екі жолаушысы қаза тапты. Кейде осындай ескертулер өмірді сақтап қалуы мүмкін”, – деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Сондай-ақ, ол , жеке тасымалдаумен айналасуға құқығы жоқ такси жүргізушілері туралы да атап өтті.

Естеріңізде болсын, таксиге отырарда оның заңды тасымалдау екеніне көз жеткізу керек. Атап айтқанда, жүргізушіде жолаушыларды сақтандыру шарты, техникалық байқаудан өту, сапар алдындағы медицициналық және техникалық тексерулер болуы қажет. Мысалы, Маңғыстау облысында жол апаты автокөліктің техникалық ақауына байланысты болған. Онда үш адам қаза тауып, біреуі жарақат алды. Өкінішке орай, жеке тасымалдаумен айналасуға құқығы жоқ такси жүргізушілері көбеюде.  Жолда тексеру кезінде жүргізушілер мұндай жағдайларды жасырып, жолаушыларды туыстарым деп айтады. Ең өкініштісі – ол жүргізушілерді жолаушылардың өздері де қолдайды. Арзан жол жүру ақысына қызығып, өмірі мен денсаулығын ешкім ойламайды. Мысалы, ірі жол көлік оқиғасы 21 мамырда Жамбыл облысындағы Мерке – Шу – Бурыл байтал тас жолында тіркелді. Онда заңсыз тасымалдаушы анықталды. Осы апатта үш адам қайтыс болып, бір адам жарақат алды. Жол көлік оқиғасының тағы бір себебі– ол жүргізушілердің рөлде ұйықтап қалуы. Атырау облысының Құлсары қаласынан 10 шақырым жерде, Бейнеу – Атырау автожолында жеке тасымалдаумен айналысатын жүргізуші рөлде ұйықтап, алдында келе жатқан көлікке соғысып, төрт адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. Жүргізушілердің назарына! Жолға шығар алдында сіз өзіңіз үшін ғана емес, жолауышылардың қауіпсіздігі үшін де жауапты екеніңізді ұмытпаңыз. Жылдамдықты асырмаңыз, жол ережесін сақтаныз. Шаршаған жағдайда тынығып, демалыңыз. Біздің тараптан жол ережелерін бұзудың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлерінің жұмысы жазалауға емес, сіздердің өмірлеріңізді сақтауға бағытталған”, – деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
Кеше, 15:20

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →