×

Ресейден басталған орман өрті Абай облысында 70 гектар аумақты шарпыды

Жергілікті органдар халықты эвакуациялауға дайын

Ресейден басталған орман өрті Абай облысында 70 гектар аумақты шарпыды
Абай облысының ТЖД

Абай облысында орман өртін сөндіруге бүкіл күш-құралдар жұмылдырылды. Оқиға орнында барлық қызметтер, сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков жүр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өңір әкімдігінің мәліметінше, аймақ басшысы жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Дегенмен, жергілікті органдар халықты эвакуациялауға дайын. Жалынмен күрес бойынша қажетті іс-қимыл төтенше жағдай департаментімен бірге пысықталады.

Айта кетейік, 22 мамыр сағат 15:25-те Ресейдің Алтай өлкесінде Новенькое ауылының маңында құрғақ шөп жанып, дала өрті тұтанған.

Бұл жер Абай облысы Бородулиха ауданы Ауыл елдімекенінен 7 шақырым қашықтықта. Кейін тілсіз жау «Семей орманы» табиғи резерватына, яғни Қазақстан аумағына қарай өтті.

Орман шаруашылығының мәліметінше, сағат 22:50-де өрттің алдын ала ауданы 70 гектарға жеткен.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 40 адам және 10 техника, орман шаруашылығынан 108 адам және 38 техника тартылған.

Семей қаласынан қосымша өрт сөндіру техникасы оқиға орнына аттанды.

Ауылға кіреберісте жедел облыстық штаб құрылды.

Айта кетейік, сағат 23:07-де Семей қаласынан Ауыл елдімекеніне ҚТЖ өрт сөндіру пойызы келді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →