×

Алматы тауларында аустралиялық турист жоғалып кетті

Ол Үлкен Алматы көлі бағытында шығып, қайта оралмаған

Алматы тауларында аустралиялық турист жоғалып кетті
instagram.com/almaty_tjd

 Алматылық құтқарушылар Үлкен Алматы көлі маңында жоғалған Аустралия азаматын іздестіруде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 22 мамыр күні сағат 22.25-те Республикалық жедел-құтқару жасағы, 109 құтқару қызметінің құтқарушылары мен «Доброспас» еріктілері Бостандық ауданындағы Үлкен Алматы көлі маңында жоғалып кеткен (таулы аймақ) 1995 жылы туған Аустралия азаматын іздеуге жіберілді.

«Хабарлама Алматы қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығы кезекшісінен түсті. Сағат 21.05-те хостельден шыққан ер адам алдын ала мәлімет бойынша Үлкен Алматы көлі бағытында шығып, қайта оралмаған. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, қаланың барлық жедел қызметтері тартылып, дрон іске қосылды», - деп хабарлады ТЖД -да.

Еріктілер Instagram -да 21 мамыр күні Herd Jake Michael есімді Аустралияның азаматы Қазыбек би, 66 мекенжайында орналасқан хостельден шығып, Үлкен Алматы көліне кеткенін жазды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →