×

Абай облысында қарағайлы орман өртеніп жатыр

Алапат өртті сөндіруге 300-ден астам адам мен 100-ге жуық техника тартылған

Абай облысында қарағайлы орман өртеніп жатыр
Фото: https://baq.kz/

Құтқарушылар кешеден бері қызыл жалынмен арпалысып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. Алдын-ала болжам бойынша, Бородулиха ауданындағы 2 мың гектарға жуық алқап отқа оранған.

Арна тілшісінің айтуынша, «Семей орманы» табиғи резерватындағы өртті сөндіру әлі жалғасып жатыр. Астана мен Өскеменнен 2 тікұшақ көмекке келген. Олар өртті ауыздықтауға кірісіп кеткен. Алапат өртті сөндіруге 300-ден астам адам мен 100-ге жуық техника тартылған.

«Үдей соққан жел жағдайды ушықтырып тұр. Өрттің негізгі ошағы Ресейдің Алтай өлкесі жағында. Сол тұсқа өртке қарсы вагонды қойдық. Арнайы құрылған жедел штаб жағдайды бақылауда ұстап отыр», – дейді Абай облысы әкімінің орынбасары  Димитрий Гариков.

Жедел штаб осыдан 1 сағат бұрын анау орманның ішінде жұмыс істесе, қазір тура күре жолдың бойына көшкен. Өйткені, өрттің беті қатты. Сондықтан осылай жиі-жиі орын ауыстыруға мәжбүр. Әзірге Бородулиха ауданының ауылдарына қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция қызметкерлері тұрғындарға түсіндірме жұмысын жүргізіп жатыр.
Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы Абай облыстық филиалының жетекшісі Мақсат Елемесовтің айтуынша, бар күш 103 квартал аумағындағы өртті сөндіруге жұмсалып жатыр.

«Әзірге техника мен адам күші жеткілікті. Облыстық Төтенше жағдай департаменті мамандарының айтуынша, өрттің 3 ошағының екеуі сөндірілген. Айта кетейік, Ресейдің Алтай өлкесінде тұтанған қызыл жалын кеше Бородулиха аумағына өткен болатын»,  – дейді Мақсат Елемесов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
5 жыл жасырынған: Іздеуде жүрген екі қылмыскер Түркиядан елге жеткізілді
Бүгін, 17:02

5 жыл жасырынған: Іздеуде жүрген екі қылмыскер Түркиядан елге жеткізілді

Прокуратура екі азаматты өз еркімен қайтарған
Қос балықшы із-түзсіз жоғалып кеткен болатын
Ақтөбе, Қостанай, Абай, Батыс Қазақстан облыстарында жағдай күрделі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →