×

Қостанайда 13 жасар оқушы қыз абайсызда терезеден құлап кетті

Жанында сондай-ақ қыздың 9 жасар сіңлісі мен 2 жасар інісі болған

Қостанайда 13 жасар оқушы қыз абайсызда терезеден құлап кетті
Ашық дереккөздерден

Қостанайда мектеп оқушысы үйінде ата-анасы жоқ кезде төртінші қабаттан құлаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл ақпаратты Қостанай облысының полиция департаменті растады.

Ведомство мәліметінше, кеше, 27 мамыр күні сағат 11:00 шамасында Шаяхметов көшесіндегі №169 үйдің төртінші қабатындағы пәтердің терезесінен 13 жасар оқушы құлап кеткен.

Бұл жайында полицияға жағдайға куә болған көршілер хабарлаған.

Олар сондай-ақ жедел жәрдем шақырып, қыздың ата-анасына қоңырау шалады. Қыздың әкесі мен шешесі бұл кезде жұмыста болатын.

Мектеп оқушысы полицияның сұрағына әдейі емес, абайсызда құлап кеткенін айтып түсіндірді.

Пәтерде сондай-ақ қыздың 9 жасар сіңлісі мен 2 жасар інісі болған.

Құлаған қыз түрлі сынықтармен ауруханаға жеткізілді.

Ведомство жыл басынан бері облыс бойынша осымен сегізінші бала терезеден құлап кеткенін мәлімдеді.

Полиция ата-аналардан баласын қараусыз қалдырмауды сұрайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
БҚО-да ірі жол апатынан 8 адам қаза тапты
Кеше, 17:11

БҚО-да ірі жол апатынан 8 адам қаза тапты

Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді
Осындай мазмұндағы қауесеттер бұған дейін Ақтауда да тараған еді.
Өрт станцияға таралмай, дер кезінде тоқтатылды
Ол түн ішінде темекі тартуға шыққан 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →