×

Оралда жасөспірімнің өлімі бойынша 14 жастағы бала ұсталды

Ол есін жимастан, жансақтау бөлімінде көз жұмды

Оралда жасөспірімнің өлімі бойынша 14 жастағы бала ұсталды
Ашық дереккөздерден

Орал қаласында жасөспірімнің өлімі бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түскен мәліметке қарағанда, оқиға 28 мамыр күнге қараған түні болған.

«Сағат 01.28-де 2007 жылы туған жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Бірақ ол есін жимастан, жансақтау бөлімінде көз жұмды. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Осы құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен 2008 жылы туған жасөспірім қолға түсті. Аталмыш дерек бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады ведомстводан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →