×

«Жалақыға жарымадық»: Атыраудағы жарық компаниясының жұмысшылары наразылыққа шықты

Наразы топтың айтуынша, қымбатшылық қыспаққа алған заманда бұл ақшаға күн көру мүмкін емес

«Жалақыға жарымадық»: Атыраудағы жарық компаниясының жұмысшылары наразылыққа шықты
Ашық дереккөздерден

Атыраудағы жарық компаниясының Жылыой аудандық филиалының жұмысшылары жалақыға жарымадық деп наразылыққа шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Алматы арнасына сілтеме жасап.

Олар қымбатшылық қыспаққа алған заманда айлығымыз шайлығымызға жетпейді деп күйініп отыр. Алатын ақшамыз істеген жұмысымызға сай емес деген көпшілік еңбекақының көтерілуін талап етті. 

Бұл – компанияның Жылыой ауданындағы жұмысшылары. Жиналғандар «небәрі 96 мың теңдеген басталатын еңбекақыны отбасымызға апарудың өзі ұят» деп күйінеді. Наразы топтың айтуынша, қымбатшылық қыспаққа алған заманда бұл ақшаға күн көру мүмкін емес. Олар алатын нәпақысы күнделікті нан мен шай, жолақыдан артылмайтынын айтып, мұңын жеткізді.

«Бәрінің бала-шағасы, несиесі бар, балабақша, мектеп, киім-кешек дегендей. 120, 100 мың теңгеге өмір сүру деген өте қиын», – деді «Атырау жарық» АҚ жұмысшысы Айгүл Тайпанова.

«Арнайы берілетін киім де жоқ, сапасы төмен. Басымыздағы каска да сапасыз. Басымызға бірдеме түсіп кетсе, не болады? Қолғаптың өзінен де тоқ өтіп кетеді. Мынау жұмыс істеуге келмейді», – деді  «Атырау жарық» АҚ жұмысшысы Бақытжан Доспанов.

Жұмысшылардың талап-тілегі бір. Олар еңбегі бағаланып, жалақысы кем дегенде 50 пайызға көтерілгенін қалайды. Жылыой ауданы электр торабының басшысы бұл мәселенің жедел шешілмейтінін айтса, компания президенті жұмысшылардың еңбекақысын тек тарифты көтеру арқылы ғана өсіре алатынын жеткізді.

«Атырау жарық» АҚ-да 1400-дей адам бар, жұмысшыларымыз. Соның барлығын есептегенде 1 маусымнан бастап 20 пайызға жалақыны көтереміз. Басқа техника және т.б. қарамайды, тек жалақыны көтеріп жатырмыз. Жұмысшылар 50 пайыз, 100 пайыз сұрайды. Бізге ешкім 50 пайыз, 100 пайызға тариф көтермейді. Оны да түсіну керек», – деді  «Атырау жарық» АҚ президенті Мейірбек Ғұбашов.

Жұмысшылардың мәселесі 1 маусымнан бастап шешілетін болды. Мекеме басшысы әрі арнайы киім мен техника да сатып алынады деп сендірді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →