×

«Дұрыстап амандаспады»: Батыс Қазақстанда мектеп оқушысы өз қатарласын ұрып өлтірген

Бүгінде полиция күдікті жасөспірімді ұстап, қамауға алған

«Дұрыстап амандаспады»: Батыс Қазақстанда мектеп оқушысы өз қатарласын ұрып өлтірген
Ашық дереккөздерден

Батыс Қазақстан облысындағы Щапов ауылының мектеп оқушысы өз қатарласын ұрып өлтірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, марқұм болған жеткіншек оған дұрыстап амандаспаған көрінеді. Бұған ашуланған жасөспірім бірден қол жұмсапты. Алған соққының ауыр болғаны соншалық, 9-кластың оқушысы Дияр Досқали тілге келмей қайтыс болған.

Диястың айтуынша, ауыл балалары оларды оңаша жерге шақырыпты. Осыдан кейін сөзбен тиісіп, қол көтерген.

 «Қасымдағы бір бөлем дұрыстап амандаспады деп 10-кластағыларға айтқан ғой мыналарды ұрыңдар, аналар дұрыстап амандаспайды деп. Сол үшін бізге келді. Мені, Диярды, сосын Айбол деген бөлемді ұрды. Мені ұрған 1-курстың студенті», - дейді марқұмның туысы Дияс Досқали.

Қорғансыз балаларды осылай қорлағандар жерге құлаған Диярдың есін жиғызуға тырысады. Бірақ мұны үлкендерге айтпаған. Осы қарбалас кезде Диярды ұрған жасөспірім қашып кетіпті. Ал ата-анасына хабарласқанда бәрі кеш болды дейді туыстары.

 «Бетіне су құйғанда мұрнына су кетіп қалып, тұншығып қалды ма, дұрыс көмек бермеген басында. Жазалануы керек бәрі! 7-8 бала болған ғой. Бірақ жіберіп тұрған баланың өзі болмаған. Өзі қазір телефонын алмайды, ештеме істемей отыр», - дейді марқұмның туысы Салтанат Абаева.

Диярдың қайғыдан қан жұтқан туыстары істің әділ тергелуін талап етіп отыр. Өйткені әлімжеттік көрсеткен оқушылардың бірі - бұрын күреспен айналысқан, ал енді бірі студент көрінеді. Ал мектептегілер шәкірттеріміздің бәрі де үлгілі деп ақталды.

Бүгінде полиция күдікті жасөспірімді ұстап, қамауға алған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

 «Бұл жағдай сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Осы құқық бұзушылықты жасады деген күдік бойынша 2008 жылы туған кәмелетке толмаған Н. ұсталды, осы факті бойынша сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды», - деді БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →