×

«Шығын көлемі – 500 млн теңге»: Ақмола облысында шетелдік көліктерді заңсыз есепке қою фактілері анықталды

Полицейлер тексеруді жалғастыруда

«Шығын көлемі – 500 млн теңге»: Ақмола облысында шетелдік көліктерді заңсыз есепке қою фактілері анықталды
Ашық дереккөздерден

Мамыр айының ортасында «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-тың Ақмола облысы бөлімшесінде жалған құжаттарды пайдалана отырып, шетелден әкелінген 62 автокөлік құралын есепке заңсыз қою фактілері анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысы ПД-ның Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақмола облысының «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ ішкі қауіпсіздік қызметімен өзара іс-қимыл барысында жалған құжаттарды пайдалана отырып, шетелден әкелінген 62 автокөлік құралын есепке заңсыз қою фактілерін анықтады.

Шығын көлемі 500 млн теңгені құрады.

«Бұл факт ҚР ҚК 385-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 30 жастағы жігіт анықталып, оның аталған фактіге қатыстылығы тексерілуде. Бұл іс экономикалық тергеу департаментіне жолданды», - делінген полиция хабарламасында.

Полицейлер тексеруді жалғастыруда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Майқайың алтындағы» апат: Алты адам қамауға алынды
Бүгін, 16:15

«Майқайың алтындағы» апат: Алты адам қамауға алынды

Биыл 4 қаңтарда Павлодар облысы Майқайың ауылындағы «Майқайың алтын» кенішінде құтқарушылар мінген автобус шұңқырға құлаған болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →