×

Ақтөбеде әкімдік қызметкерін өлтірген ер адам сот үкімін естігенде жылап жіберді

Ал марқұмның туыстары бұл жеңіл жаза деп отыр

Ақтөбеде әкімдік қызметкерін өлтірген ер адам сот үкімін естігенде жылап жіберді
видеодан кадр

Ақтөбеде облыстық әкімдікте жұмыс істейтін әйелді азаптап өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты. 29 жастағы азамат кінәсін бірден мойындап, қылмысты қалай істегенін ескерген, сот бүгін оған 11 жыл жаза кесті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға осыдан үш ай бұрын болған. 46 жастағы әйелмен сотталушы "бойдақпын" деп танысқан. Осылайша, екі күн қатарынан жұмысынан күтіп алып кездеседі. Соңғы кездесуінде марқұм ер адамның отбасылы екенін ұялы телефонындағы суреттерден біліп қалған.

Осыған ашуланған 29 жастағы ер адам тартпада жатқан пышағын алып, әйелді 35 рет пышақтаған. Мәйітті жүксалғышқа салып алып, екі күн бойы жүрген. Ал қылмысқа әйелінен көңілдесін жасыру үшін барғанын айтты.

Сотталушы 11 жыл жаза кесілгенде жылап та жіберген. Ал марқұмның туыстары бұл жеңіл жаза деп отыр.

"Бұл жерде азаптау, қинау болмаған. Ол ешқандай іс материалдарымен дәлелденбеді. Іс бойынша қарап отырсақ, ол кісінің ойына бірден өлтіру келіп, сол жерде өлтіріп тастаған. 35 жерден жарақат алған", - деді судья.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
Кеше, 15:20

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →