Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Кеше түнде Шымкентті қара түтін басып, қала тұрғындарын шошытып жіберді. Кейін қала ішіндегі қараусыз ғимарат отқа оранғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Шымкент қаласы ТЖД-ның мәліметінше, 101 басқару пультіне 23 маусымда сағат 21:29-да Тұран ауданы, Желтоқсан көшесі бойында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндіру бөлімдері қараусыз қалған ғимараттың екінші қабаты мен шатырындағы 200 шаршы метр аумақтың отқа оранғанын анықтады. Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің 26 қызметкері мен 7 дана техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды. Өрт сағат 21:45-те оқшауланып, сағат 22:10-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ», - делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.