×

Жолды бөлісе алмаған ер адам басқа көліктің терезесін сындырып, жүргізушіге қол көтерген

Көлікте әйелі мен баласы болған

Жолды бөлісе алмаған ер адам басқа көліктің терезесін сындырып, жүргізушіге қол көтерген
видеодан кадр

Әлеуметтік желіде жол бойында екі жүргізуші арасында туындаған жанжалға қатысты видеоға полиция түсінік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жолды бөлісе алмаған көліктердің бірінің жүргізушісі екінші көліктің алдыңғы терезесін теуіп сындырып, кейін жүргізуші жақтағы терезені жұдырығымен шағып, жүргізушіге қоқан-лоққы көрсетеді. Видеода әйелдің көлік ішінде бала отырғанын айтып, айғайлаған дауысы естіледі.

Полиция мәліметіне сәйкес, ер адам ұсталып, тергеу басталды.

«Жамбыл ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол Алматы қаласының 1993 жылы туған К. есімді тұрғыны болып шықты.

28 маусым күні Жамбыл ауданының полиция бөліміне 1992 жылы туған О. есімді азамат «Алматы-Бішкек» автожолында сағат 19:20 шамасында жол қозғалысы ережелерін бұзып, жол-көлік оқиғасын жасаған, сонымен қатар бұзақылық ниетпен көлігін бүлдірген белгісіз адамға қатысты шаралар қабылдауды сұрап, арызбен жүгінді.

Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша бірден аудандық полицияда тіркелді.

Жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдіктінің автомашинасы Ұзынағаш ауылының арнайы айып тұрағына қойылды.

Жол-көлік оқиғасы фактісімен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1-бөлігі бойынша К. есімді жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Мәлім етілгендей, бұзақылық фактісімен түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Олар қаржылық қылмысты екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында жүзеге асырыпты
Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →