×

Жайық өзенінде екі катер соқтығысып, 9 адам зардап шекті

Оның ішінде 6 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр

Жайық өзенінде екі катер соқтығысып, 9 адам зардап шекті
el.kz

Атырауда Жайық үстінде екі катер соқтығысып, 9 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға кеше, 3 шілдеде болған.

«Жергілікті уақытпен сағат 20:05 шамасында Жайық өзенінде екі қайық соқтығысқан. Аталған қайықтар адамдарды серуендету қызметіне пайдаланылған. Су көлігінің бірінде 10 адам, ал екінші қайықта 25 адам болған. Оқиға салдарынан түрлі дене жарақатын алған 9 адам ауруханаға жеткізілді», – деп мәлім етті облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Зардап шеккендердің арасында 5 ересек адам бар. Ал кәмелетке толмаған 4 бала облыстық балалар ауруханасына түскен. Оның ішінде 6 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Полиция қызметкерлері аталған оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігімен (Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Үнемі күлімдеп жүретін». Журналист Мысырда көз жұмған қазақстандық туралы айтты
Бүгін, 13:15

«Үнемі күлімдеп жүретін». Журналист Мысырда көз жұмған қазақстандық туралы айтты

Марқұм көп жыл құқық қорғау органдарында қызмет еткен.
Акробат қыз бас жарақатымен және мидың шайқалуы диагнозымен ауруханаға жатқызылды
Кеше кешке АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түскен
Шарм-эль-Шейх әуежайында күту кезінде қазақстандықтардың үстіне жарнама тақтасы құлады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →