×

Түркістан облысында жалдамалы жұмысшы құстың орнына абайсызда адам атып алды

Барлық мән-жайлар анықталып жатыр

Түркістан облысында жалдамалы жұмысшы құстың орнына абайсызда адам атып алды
Telegram/POLISIA.KZ

Түркістан облысында жүзім бағындағы құстарды ату кезінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысының полиция департаменті 8 шілдеде кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тигені анықталғанын хабарлады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі - "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел тергеу тобы бірден келіп жеткені де нақтыланады.

Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды.

Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
Кеше, 19:46

«Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды

Бас прокуратура күдіктіні елге қайтару туралы сұрау салуды дайындау үшін өтініш жолдады
Жәбірленушінің жақындары жалған ақпарат таратқанын айтып, бейнежазба түсірді
Ер адамның мәйіті Ақтөбедегі №38 мектеп маңындағы қоқыс алаңынан табылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →