×

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам мерт болды

Екі көлік соқтығысқан

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам мерт болды
polisia.kz

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 7 адам мерт болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 16 шілдеде болған.

«Жергілікті уақытпен сағат 15:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу бағытындағы тасжолының 82-шақырымы тұсында Chevrolet Cobalt маркалы автокөлігі жолдың қарсы жолағына шыққан. Салдарынан Toyota Ipsum автокөлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 1 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Ал, 2 жолаушы түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік ротасының командирі полиция капитаны Әділбек Шахметов.

Қазір полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тиісті іс-құжаттар жинақтап жатыр.

«Көлік жүргізушілеріне жол апатының арты ауыр зардапқа әкеліп соқтыратынын ескертеміз. Сол себептен, жүргізушілер өзінің және өзгенің өмірі мен денсаулығына немқұрайлы қарамағаны жөн. Жол апатына ұшыраған екі автокөліктің жүргізушісі бұрын бірнеше рет көлік жылдамдығын шамадан тыс арттырғаны үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталып отыр», – деп мәлім етті Әділбек Шахметов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →