Күдіктілер қамауға алынды
15 шілдеде белгісіз тұлғалар кілтпен ашу арқылы Ақтөбе қаласында пәтерге заңсыз кіріп, сейфтен ірі көлемдегі ақшаны жасырын ұрлаған. Ұрлық салдарынан 46 жастағы кәсіпкерге 60 миллион теңге көлемінде мүліктік шығын келген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері істің ізін суытпай 38 жастағы шетелдік азаматты ұстады. Оның жалдамалы пәтерінен ұрланған ақшаның бір бөлігі алынды.
«Сонымен қатар жасалған қылмыстан кейін оңтүстік өңірдегі шекара арқылы бой тасалағысы келген 34 жастағы шетелдік азаматты Сарыағаш ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Одан да ірі көлемде ақша қаражаты алынды. Күдіктілер жасаған қылмысын мойындады. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.