×

Қарағандыда балалардың жаппай улануы: тағы екі бала ауруханаға түсті

Бұл туралы Динара Зәкиева айтты

Қарағандыда балалардың жаппай улануы: тағы екі бала ауруханаға түсті
Фото: Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы

1 тамыз күні Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан тағы екі бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Шамамен 14:30-да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына тағы екі бала түсті", – деді Zakon.kz тілшісіне ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.

1 тамыз күні Қарағанды облыстық балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланғаны жөнінде ақпарат тарады. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 2023 жылғы 30 шілдеде орталықтағы екі бала өзін нашар сезінген: құсып, іші өткен. Осы мекеменің тағы 10 баласы 31 шілдеде осындай белгілермен ауруханаға түскен. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, бір бала көз жұмды.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осы жағдайға байланысты Қарағандыға барды.

Бас прокуратура осы іске қатысты ҚР ҚК-нің 304-бабының 2-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →