×

Қонаев қаласында үш ойын мекемесінің лицензиясы тоқтатылды

ҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті Қонаев қаласындағы 4 ойын мекемесіне жоспардан тыс тексеріс жүргізді.
 

Қонаев қаласында үш ойын мекемесінің лицензиясы тоқтатылды
Ашық дереккөздерден

Тексеру нәтижесі бойынша бизнестің үш субъектісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 445-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ойын автоматтары залының иелері машиналарға технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы бойынша талаптарды сақтамаған. «Ойын бизнесі туралы» pаңға сәйкес, ол кем дегенде 95% болуы керек.
 
Қонаев қаласының Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 19 мамырдағы шешімімен және Алматы облыстық сотының (апелляциялық саты) 2023 жылғы 20 шілдедегі шешімімен ойын бизнесінің барлық 3 субъектісі құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Олардың лицензиясы тоқтатылып, әрқайсысына 300 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

«7 әкімшілік іс қозғалды, 6 айыппұл салынды, бір ойын автоматтары залының иесі лицензиядан айырылды. Сонымен қатар, заңды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қатысуымен ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға 62 түзетуді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді», - деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →