×

Түркістан облысында 11 жастағы бала зираттағы көктастарды бояп тастады

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 294-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды

Түркістан облысында 11 жастағы бала зираттағы көктастарды бояп тастады
polisia.kz

Түркістан облысында 11 жасар жасөспірім зираттағы көктастарды бояп тастаған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысының тұрғыны зираттағы көктасты белгісіз біреу сызып, бояп тастағаны туралы видео жариялады.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 294-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды.

Мұны 11 жастағы кентаулық жасөспірімнің істегені анықталды.

Жасөспірімнің үйі зираттың маңында орналасқан. Үйінен ойнап шыққан бала зираттан көк түсті бояу тауып алып, бірқатар жерленген адамның көктасын, олардың қоршауын бояп шыққан.

Ал әкесі ұлының балалықпен жасаған іс-әрекетіне өкініп, кешірім сұрады. Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →