×

Алматы-Ташкент тасжолында автобус жол апатына ұшырап, екі адам қаза тапты

17 адам зардап шекті

Алматы-Ташкент тасжолында автобус жол апатына ұшырап, екі адам қаза тапты
polisia.kz

Жетісайдан Астанаға жолаушы тасымалдайтын автобус апатқа ұшырады: екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

7 тамызда сағат 18:00 шамасында республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 720-шақырымында жол апаты болды.

Van Hool автобусының оң жақ доңғалағы жарылып, жолдың екі жақтамасын бөліп тұратын темір қоршауды қиратқан. Осылайша, автобус қарсы бағытта өз жолымен келе жатқан МАН жүк көлігінің артқы тіркемесіне соқтығысқан.

Салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапса, ауруханаға жеткізілген 18 жолаушының бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған автобус апатқа дейін Жетісайдан Астанаға жолаушы тасымалдаған. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →