×

320 га жерді анасының атына жаздырған шенеунікті Антикор тексереді

Жер инспекциясы ақпаратты растап отыр

320 га жерді анасының атына жаздырған шенеунікті Антикор тексереді
Ашық дереккөздерден

Өткен аптада “Түркістан облысында әкім орынбасары анасының атына 370 га жер рәсімдеген” деген ақпарат тарады. Мұны облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесуде «Жемқорлық және заң» газетінің бас редакторы Қаламқас Ботабекова мәлім етті. Qaz365.kz тілшісі журналистен жағдайдың мән-жайын сұрап білді. 

«Мен қолымдағы бар материалдарымды жер инспекциясына, сосын Антикорға жолдадым. Олар менен сұратып жатыр. Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садыбаев 370 гектар жердің 320-сын анасының атына рәсімдеген. Жер инспекциясы құжаттардың дұрыс емес екендігін сотқа жолдап қойған. Негізінде шешім шыққаннан кейін, комиссия отырысына кіріп, қаулы шығуы керек. Ал шешімінен кейінгі іс-әрекет жер комиссиясының арнайы құрылған комиссиясына ұсынылып, хаттама шығарылуы тиіс. Ал Серік Садыбаевтың анасының атына берілген жерде қаулы нөмірі жоқ. Оған комиссия қорытындысына сәйкес, қаулы берілуі керек еді. Бірақ оның қаулысында басқа бір бөтен кісіге берілген нөмір қойылып, шығарып жіберген. Біз архивтен сұрадық. Архивте ондай құжат жоқ екендігін мәлімдеді», – дейді Қаламқас Ботабекова.

Оның айтуынша, жер инспекциясы ақпаратты растаған. Бұл жерде бұдан бөлек те жерлер бар көрінеді. 

«Аудан әкімдігі, аудан әкімінің орынбасарлары өздерінің қатысуымен осындай туыстарына жер бөліп беруді дәстүрге айналдырып алған. Сондықтан арнайы мониторинг керек. Олардың іс-әрекетіне баға берілуі тиіс. Егер біз білмей қалсақ, олар білгенін істеп жүре береді. Әлі білмейтініміз қаншама?» – дейді журналист.  

Ол Сауран ауданына жер телімдерін адамдар 10-15 жылға, тіпті 20 жылға арендаға алады деп отыр. Жалға алу құқығы берілген соң, құжаттарды рәсімдейді екен. Сосын 10 жыл пайдаланатын көрінеді. 


«Жайылымдық па, егіншілік пе, ірі кәсіп иелері алады. Мысалы, жалға алу мерзімі 2022 жылдың 10 ақпанда пайдалану мерзімі тоқтады деп есептейік. Оған дейін бір апта бұрын өтініш тастау керек. Уақыты біткен соң жер қайтадан аукционға түсіп, комиссия мүшелері арқылы аукционнан жаңа иесі анықталды. Ал бұлар 4 жыл өткен бір құжатымен комиссияға кіргізбей жатып, қайтадан жалға алу мерзімін тағы да 10 жылға ұзартып  жүр», - дейді Қаламқас Ботабекова.

Ол бұл жағдайға байланысты өзіне ешқандай қысым болып жатпағанын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Бүгін, 09:20

Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды

Әскери қызметші өзіне қару жұмсады
Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →