×

Тергеу мекемесінде Сандуғашты жалаңаш видеоға түсіріп, сағын сындырғысы келді - журналист

Сандуғаш Дүйсенованың үстінен не үшін іс қозғалғаны белгілі болды

Тергеу мекемесінде Сандуғашты жалаңаш видеоға түсіріп, сағын сындырғысы келді - журналист
Ашық дереккөздерден

11 тамызда азаматтық белсенді және журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Кейіннен ешқайда  кетпеу және дұрыс мінез-құлық таныту туралы жазбаша міндеттемемен босатылған болатын. Шын мәнінде ол не үшін қамауға алынды? Бұл туралы Qazaqstan ұлттық арнасының тілшісі Самал Қабышева жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сандуғашты не үшін қамады? Айтсам, күлесіздер. Сандуғаш жалған ақпарат жазып, не болмаса біреуден ақша алып, ұсталған жоқ. Ондай иттік жасаса, мен де жақтап, шырылдамас едім. Бар болғаны Сандуғаш адам өлтірген қылмыскердің ақпаратын жариялаған. Яғни жеке сәйкестендіру нөмірін (ИИН) көрсетілген. Сол түрмеде адам өлтіріп, 16 жылға сотталған адам менің жеке ақпаратымды жариялағанын айтып,арыз жазыпты. Біздің полиция қылмыскердің арызы негізінде Сандуғашты ұстап, бір-ақ қамаған. Жалаңаш суретке түсірген. Мен бұл әрекетті Сандуғаштың сағын сындыруға жасалған іс деп түсінемін, - дейді Самал Қабышева.

Ол Сандуғаштың бар жазығы қазір сол адам өлтірген адамның жеке сәйкестендіру нөмірін жазылған ақпаратты жариялағаны деп отыр. 

«Ал түрмеде отырған, 16 жылға сотталған қылмыскер содан зардап шегіпті ме? Оның бұл жағдай миына да кіріп шықпайды деп ойлаймын. Бұл жерде тек Сандуғашқа кек ұстаған адам осыны пайдаланып, арыз жаз деп бағыт берген деп түсінемін. Сондықтан Сандуғаштың ісін Тоқаев мырза тікелей өз бақылауына алса деп сұраймын. Қоғамдағы әділетсіздікпен күресіп жүрген адам біреудің кегі үшін бұлай күйіп кетпеу керек. Сандуғаштың орны түрме емес. Ол қылмыскер емес. Ол адам өлтірген жоқ. Ол – қоғам белсендісі. Әділетсіздікке бейжай қарамайтын адам. Ана. Қарап тұрсам, Сандуғаштың артында тіреп тұрған көкесі жоқ. Шешесі, ағасы, екі қызы бар. Болды. Олар өте еңбекқор отбасы. Сандуғаш жүректі, мінезді адам болған соң, ешкімнен қорықпайды. Сандуғашқа ор қазғандар ертең сол орға өздерінің топ етіп түспесіне кім кепіл? Өмір алма-кезек», - дейді журналист.

Айта кетейік, Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 11 тамызда Талдықорғанда журналист Сандуғаш Дүйсенова ҚР Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша ұсталған. Ол мойындау туралы куәлік беріп, процесуалдық іс-шаралар өткізілгеннен кейін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шықты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Болаттың үйі өртенді: облыс прокуроры кімдерге ескерту жасады?
Бүгін, 21:45

Шерзат Болаттың үйі өртенді: облыс прокуроры кімдерге ескерту жасады?

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов барлық тергеу әрекеттері Бас прокуратураның бақылауында екенін атап өтті.
Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады
Аймағамбетов кінәлілерге қарсы зорлық-зомбылық таныту мәселені шешпейтінін ескертті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →