×

Қамауға тапсырыс берген адамның кім екенін білемін – Сандуғаш Дүйсенова

Тапсырыс берген адам қарапайым журналисті жақтап, қара халық көтеріледі деп ойлаған жоқ

Қамауға тапсырыс берген адамның кім екенін білемін – Сандуғаш Дүйсенова
ulysmedia.kz

Бүгін түстен кейін Бас прокуратура  журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қылмыстық істің тоқтатылғанын мәлім етті. Осы ақпаратты естіген соң, Qaz365.kz тілшісі бірден журналистің өзіне хабарласып, аз-кем сұхбаттасты.

«Маған Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша іс қозғалды ғой. Арыз жазған түрмеде жатқан азамат қандай зардап шеккенін дәлелдеу керек екен. Яғни менің жазған мақаламнан қандай залал келгенін көрсету керек болған. Бірақ ол дәлелдей алмады. Яғни мен оның сәйкестендіру нөмірін жазғанымды біреулер көріп, несие алса немесе басқа бір мақсатқа пайдаланған болса, іс жалғасар еді. Алайда ештеңе жоқ. Сонымен қылмыстық іс тоқтатылды», - дейді Сандуғаш Дүйсенова.

Ол ештеңе анықталмай жатып, уақытша ұстау изоляторына қамаудағы себеп – біреулердің қорқытқысы келген әрекеті деп отыр.

«Бұл жерде біреудің тапсырыс бергені айқын. Өзім де кім екенін жобалаймын (ред. нақты атын атады). Журналисті осылай ұстап, қорлауға бір адамның ғана шамасы жетеді деп ойлаймын. Түрмеде жатқан адамның құжатын ақтарып, арыз жаздыруға прокурордың немесе полиция басшысының шамасы жетпейді деп санаймын», - дейді журналист.

Ол соңғы кезде облыстағы жемқорлық фактілері туралы көптеген материал жазғаны себеп болды деп санайды. Журналист қамауға алынған кезде, Жетісу облысы, Ақсу ауданына қарасты Қызылағаш ауылының тұрғындары көтерілмек болды. Олар өздерінің проблемаларын жоғары жаққа жеткізіп, үнемі көтеріп жүретін жерлестерін қорғауға тырысты.

«Жалғыз Қызылағаш емес, Жетісу облысының басқа аудандарының белсенділері де алаңға шығуға дайын екендерін айтты. Бірақ мен бәрін тоқтаттым», - дейді ол.

Бүгін Үкімет отырысынан кейін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев тілшілерге Сандуғаш Дүйсенованы тергеу кезіндегі әрекет заңды деп есептейтінін айтқан еді.

«Мен адвокатым, көмекшім арқылы бұған қатысты арыз-шағымымды прокуратураға жіберіп қойдым. Сондықтан әзірге еш пікір білдіре алмаймын», - дейді ол.

«Тапсырыс берген адам қарапайым журналисті жақтап, қара халық көтеріледі деп ойлаған жоқ. Әріптестерім де осылай қолдап кетеді деп күтпеді. 2010 жылы Қызылағашта су тасқыны болғанда, халықтың арасында жүрдім. Елмен бірге болдым. Сондықтан олар мені қолдайды. Тапсырыс беруші артымда осынша халық барын білмеді», - дейді Сандуғаш Дүйсенова.

Осы ретте журналист алдағы жоспарларын да айтты.

«Әрі қарай да жұмысты жалғастыра беремін. Сол журналистикадағы жоспарларым бойынша еңбек етемін», - дейді ол.

Сандуғаш Дүйсенова осы ретте өзіне қолдау білдіргендердің барлығына алғысын білдірді.

Айта кетейік, бүгін Бас прокуратура Сандуғаш Дүйсенованың үстінен Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі «Өмірге қол сұғылмаушылықты және дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу» бойынша қозғалған іс тоқтатылғанын хабарлады. Алайда құқықтық орган қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, бұл ретте Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу үшін жауапкершілік көзделгенін мәлім етті. Журналистің адвокаты Ильмира Назырова бұл бойынша соттасамыз деп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Болаттың үйі өртенді: облыс прокуроры кімдерге ескерту жасады?
Бүгін, 21:45

Шерзат Болаттың үйі өртенді: облыс прокуроры кімдерге ескерту жасады?

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов барлық тергеу әрекеттері Бас прокуратураның бақылауында екенін атап өтті.
Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады
Аймағамбетов кінәлілерге қарсы зорлық-зомбылық таныту мәселені шешпейтінін ескертті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →