×

Қостанайда бульдозер мен шағын автобус соқтығысып, 4 адам мерт болды

Үш жолаушы ауруханаға жеткізілді

Қостанайда бульдозер мен шағын автобус соқтығысып, 4 адам мерт болды

Қостанай тасжолының 495-шақырымында Toyota шағын автобусының жүргізушісі бульдозермен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Үш жолаушы Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды. Автокөлік Жітіқарадан Қостанайға бара жатқан.

Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бірқатар жол белгісін елемей, жол қозғалысы үшін жабық технологиялық учаскеге барғаны анықталды.

ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша «Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тоқаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді
Осындай мазмұндағы қауесеттер бұған дейін Ақтауда да тараған еді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →